ШЕБЕРЛІК СЫНЫБЫ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ДАҒДЫЛАРДЫ ДАМЫТУҒА АРНАЛДЫ
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универститеті кәсіподақ ұйымының Еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссиясының ұйымдастыруымен «Сізді тыңдасын және естісін десеңіз қалай сөйлеу керек: шешендік өнер негіздері» тақырыбында оқу-тренингі өтті. Шараға Салалық кәсіподақ өкілі И.Сақауова қатысты.
Шеберлік сыныбын практик-психолог және шешендік өнер тренері Ғ.Сағындықова жүргізді.
Қатысушылар шешендік өнердің практикалық құралдарын меңгеріп, кәсіби құзыреттіліктерін арттырды. Университет ұжымының жоғары белсенділігі атап өтіліп, алдағы уақытта тұлғалық дамуға бағытталған осындай іс-шараларды тұрақты өткізу жоспарланды.