ЕҢБЕК АДАМЫ
Түсіпбеков Құдайберген Сапарұлы Қарағанды облысы, Абай ауданының Қасым Аманжолов атындағы жалпы білім беретін мектепте 2005 жылдан бері ғимаратқа қызмет көрсету жөніндегі жұмысшы болып еңбек етеді.
Еңбек ету барысында маусымдық от жағушы, күзетші қызметтерін де атқарды. Құдайберген Сапарұлы өзіне жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен орындайтын, ұқыпты, еңбекқор, өз ісіне адал қызметкер ретінде танылды.
Ол мектеп мүлкінің сақталуына, ғимараттың тазалығы мен белгіленген талаптарға сай болуына ерекше көңіл бөледі. Ұжым ішінде абыройлы, әріптестері арасында сый-құрметке ие, көпке үлгі болар азамат, үлгілі отбасының отағасы.