КӘСІПОДАҚПЕН ҰМЫТЫЛМАС ДЕМАЛЫС
Демалыс күндері Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Сауле Хажайдың ұйымдастыруымен кәсіподақ мүшелері Қарқаралының көрікті өңіріне екі күндік танымдық-демалыс сапарына аттанды.
Табиғат аясындағы бұл саяхат ұжым мүшелеріне ерекше әсер сыйлап, көтеріңкі көңіл күй мен сергектікке, бірлік пен өзара жылылыққа бастады. Қысқы Қарқаралының көз тартар сұлу табиғаты, таза ауа мен әсем көріністер әрбір қатысушының бойына тың күш-қуат берді.
Серуендеу, ұжымдық ойындар, шат-шадыман әңгіме мен әуелеген әндер сапардың ажарын аша түсіп, әр сәтті есте қаларлықтай етті. Мұндай мәдени-көпшілік іс-шаралар мен демалыс сапарлары кәсіподақ ұйымының жұмысындағы маңызды бағыттардың біріне айналып келе жатқаны қуантады.
Қарағанды қаласы, Әлихан Бөкейхан ауданының білім қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті