ЖАМБЫЛДА БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Жыл басында жарияланған Жергілікті кәсіподақтың республикалық салалық «Еңбекші» газетінде Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығына арналған «Тарихқа – тағзым, болашаққа – сенім» атты мақалалар байқауы өз мәресіне жетіп, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.
Байқау Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығы мен республикалық салалық «Еңбекші» газетінің 10 жылдығы аясында ұйымдастырылып, еңбек адамының қоғамдағы беделін арттыру, жұмысшы мамандықтарын насихаттау, кәсіподақтардың әлеуметтік әріптестікті дамытудағы рөлін көрсету мақсатында 5 бағыт бойынша өтті.
Байқауға барлығы 85 материал келіп түсті. Редколлегия отырысында байқау Ережесіне сәйкес келмейтін 23 материал шеттетіліп, қазылар алқасының қарауына 62 материал ұсынылды.
Бас жүлде - Айғаным АСҚАРБЕК (Шу ауданы) - «Естен кетпес кездесу» мақаласы үшін (Ұлы Жеңіске – 80 жыл);
І орын - Салтанат ЖОЛШЫБЕК (Талас ауданы) - «Елге шапағатын тигізген ұстаз» мақаласы үшін (Еңбек адамы);
ІІ орын
- Исағали ҚҰСАЙНОВ (Біріккен комитет) - «Менің әкем майдангер» мақаласы үшін (Ұлы Жеңіске 80 жыл);
- Айнұр ТАТИБЕКОВА (Т.Рысқұлов ауданы) - «Бала тәлімі мен тәрбиесіне қосар ойы терең» мақаласы үшін (А.Құнанбаев – 180 жыл);
ІІІ орын
- Мағжан БІРҒОЖАЕВ (Қордай ауданы) - «Әрбір ой – болашақ жауынгерге арналған өсиет» мақаласы үшін (Б.Момышұлы – 115 жыл);
- Забира БӨПЕЖАНОВА (Сарысу ауданы) - «Қаралы қағаз келген әкем туралы» мақаласы үшін (Ұлы Жеңіске – 80 жыл);
- Салтанат ҚАРАСАЕВА (Т.Рысқұлов ауданы) - «Ата заңым – азат елдің айбары» мақаласы үшін (ҚР Конституциясына – 30 жыл);
Арнайы жүлде - Гүлмира СҰЛТАНБЕКОВА (Сарысу аудандық филиалының төрағасы) - «Еңбекші мүддесін қорғайтын құрылым» мақаласы үшін.
Барлық жеңімпаздар мен қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз!
Жамбыл облыстық ұйымы