БАСТАУЫШ ҰЙЫМДАРДЫ ЖАҢА ЖЫЛМЕН ҚҰТТЫҚТАУ
Кәсіподақ қозғалысының 120 жылдық мерейтойы аясында Маңғыстау облыстық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподағының Мұнайлы аудандық филиалы құрамына 426 кәсіподақ мүшесі бар жаңа екі бастауыш кәсіподақ ұйымы қосылды, атап айтқанда №20 және №21 жалпы білім беретін мектеп ұжымдары.
Жаңа жыл қарсаңында жаңадан қосылған бастауыш кәсіподақ ұйымдарын Маңғыстау облыстық ұйымының Мұнайлы аудандық филиалы төрағасы Р.Текеева мерекемен құттықтап, кәсіподақ мүшелеріне ұжымдық шарттың маңызы туралы түсінік берді.
Кәсіподақ құрамына жаңадан қосылған қызметкерлерге жаңа жылдық көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында тәтті сыйлықтар табысталды.
Маңғыстау облыстық ұйымы