ӘР ЖЕТІСТІК – ПЕДАГОГТЫҢ ЕҢБЕГІ
Бүгін Ақтау қалалық филиалының төрағасы К.Еңсегенова, Ақтау қалалық техникалық,энергетикалық колледж мамандары және бөбекжай ата-аналарының қатысуымен «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында №11 «Кәусар» бөбекжайында керемет жыл жұмыстары мен BabySills жобасы қорытындыланды.
Іс-шара барысында BabySills жобасы аясында тәрбиеленушілердің жұмыстары, көрмелерін көру арқылы шәкірттердің болашағы үшін қарапайым жұмысшылардың еңбегін үйрету,м аңыздылығын тәрбиелеу мақсатындағы жұмыстары жолға қойылған. Әрине,мұндай жетістік әрбір педагогтың еңбегі.
Сондай-ақ осы шара барысында Н.Бекбосынов атындағы энергетикалық колледждің арнайы пән оқытушысы Г.Сыдықова жаңа жылдық әртүсті шұлықтан гүл шоғын практикалық жұмыс жасау арқылы көрсетіп орындатты. Мұндай қарапайым әрі пайдалы заттарды жасау өте іскерлік пен шеберлік. Одан әрі Жұмысшы мамандықтар жылын қорытындылау мақсатында бірқатар белсенді жұмыскерлердің ел дамуы жолындағы адал еңбектері, кәсібиліктері мен табандылықтары қоғамның берік тірегі екенін атай келе, бірқатар ұжымның еңбек адамдарын Ақтау қалалық кәсіподақ ұйымы атынан еңбектерін бағалап, «Алғыс хатымен» және сыйлық сертификаттарымен марапатталды.
Осындай мақсатты, маңызды жұмыс қорытындысын ұйымдастырушы ұйым директоры Р.Төлесінова мен ұйымды Ақтау қалалық әдістемелік орталығы да марапаттады.
Шара соңында қатысушылар мен ұжым атынан өз ризашылықтарын білдірді.
Ақтау қалалық филиалы
-
Фото
-