ТАЛДЫҚОРҒАНДА ҰСТАЗДАР АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ
«Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Талдықорған қалалық филиалының ұйымдастыруымен ерлер арасында волейболдан жарыс өтті.
Жарысқа Талдықорған қаласындағы орта мектептерден 23 команда қатысып, өзара бақ сынады. Жарыстың ашылу салтанатында бас төреші Беделхан Оңалбаев сөз алып, шараға қатысушыларды ережемен таныстырып, топқа бөлді. Әр топтың ойынына бекітілген төрешілер бақылау жүргізді. Екі күнге созылған жарыста әр топтан үздік шыққан мықтылар іріктеліп, ақтық сында жолдастық кездесу өткізді.
Марапаттау сәтіне облыстық ұйымның төрағасы Мэлс Төлепбергенов қатысып, ұстаздарды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Байрақты бәсекеде І орынды №15 орта мектеп командасы жеңімпаз атанып, ІІ орынды №4 орта мектеп, ІІІ орынды Ынтымақ ауылындағы №30 орта мектеп, Еркін ауылдық округіндегі №26 орта мектеп командасы иеленді.
Жарыс қорытындысы бойынша «Үздік ойыншы», «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы», «Үздік үйлестіруші», «Үздік Ардагер» номинациялары бойынша командалар арасында үздіктер анықталды. Барлық жеңімпаздарға Талдықорған қалалық кәсіподақ филиалының атынан дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Жарысты жоғары деңгейде ұйымдастыруға атсалысқан №4 орта мектеп, №15 орта мектеп, Б.Сырттанұлы атындағы №25 орта мектеп, Еркін ауылдық округіндегі №26 орта мектептің педагогтарына Талдықорған қалалық филиалының төрайымы Айым Ерікқызы алғысын білдіріп, Алғыс хатпен марапаттады.
Жетісу облысы, Талдықорған қалалық филиалы
-
Фото
-