ҰСТАЗДАР МҰРАЖАЙҒА БАРДЫ
Алматы қаласы «Ұстаз» жергілікті кәсіптік одағының №219 жалпы білім беретін мектептегі бастауыш ұйымы кәсіподақ жарғысына және бекітілген жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылға тиесілі қызметін жүйелі түрде жүзеге асырды.
Кәсіподақ ұйымының негізгі мақсаты – мектеп қызметкерлерінің еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, салауатты әлеуметтік-психологиялық ахуал қалыптастыруға ықпал ету.
Осы мақсатта мектеп ұжымы Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Алматы қаласында орналасқан Almaty Museum of Arts музейіне мәдени-ағартушылық мақсатта экскурсия жасады. Іс-шараның негізгі мақсаты педагогикалық ұжымның мәдени-рухани дамуын арттыру, заманауи өнер бағыттарымен танысу және эстетикалық талғамды қалыптастыру болды.
Экскурсия барысында музей қорындағы заманауи және классикалық өнер туындылары таныстырылып, олардың тарихи, көркемдік және идеялық мазмұны туралы кең көлемде ақпарат берілді. Аталған мәдени іс-шара ұжым мүшелерінің кәсіби және рухани әлеуетін дамытумен бірге ұжымның ішкі ынтымағын арттыруға да оң ықпалын тигізетіні анық.
Алматы қалалық «Ұстаз» ұйымының Наурызбай аудандық филиалы