ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ
Мұғалім-зор тұлға,ол күннің құдіретті сәулесі сияқты. Әлемдегі мамандықтың төресі ұстаздық болса керек.
«Мұғалім мамандығы - барлық мамандықтың анасы» демекші, еліміздің болашағы деп үміттенетін бүгінгі жас ұрпаққа білім нәрін сеуіп, еңбексүйгіштік пен адамгершілікке тәрбиелеп, білім мен өнегесін кішкене бүлдіршіндерге арнап, бойындағы бар күш-жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсайтын ұстазымыз Қайыркенова Жазира Таубайқызы.
Мектепте 33 жылдан аса қызмет жасап келеді.Білімін үнемі жетілдіріп отыратын, заман талабына сай, қоғамға лайықты білімді де, білікті ұстаз екеніне сеніміміз мол.
Еңбек жолында талай жетістіктерге жетіп, мектепішілік, аудандық, облыстық, республикалық сайыстарға қатысып, мектептің абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз үстаздарымыздың бірі.
Ұрпақ тәрбиесіне ұстаздың үлесі зор. Өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз. «Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да солай ардақтауға міндеттіміз» деген Бауыржан Момышұлы.
Жазира Таубайқызы тек ұстаздқ жұмысын атқарумен шектелмей, мектептегі көптеген іс- шаралардың ұйытқысы болып, кәсіподақ жұмысын белсенді қолдайтын ұжым мүшесі.
Сондықтан барлық құрметке лайық ұстазымыз Жазира Таубайқызына алғыс білдіреміз.
«Бала болашағы – менің қолымда» деп аянбай еңбек ететін ұлағатты ұстаздар көбейе берсін!
Солтүстік Қазақстан облыстық ұйымы