АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ҰЙЫМЫНДА ЖАСТАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Астана қаласының білім беру қызметкерлері кәсіподағының қалалық Жастар кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырысқа кеңес мүшелері қатысып, алдағы кезеңге арналған маңызды мәселелерді талқылады.
Кеңес отырысын кәсіподақ төрағасының орынбасары Қайрат Садықов ашып, жастардың кәсіподақтағы рөлі мен белсенділігінің маңыздылығына тоқталды. Ол жастар бастамаларын қолдау – ұйым жұмысының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.
Жастар кеңесінің төрағасы Нұрперзент Кәрібеков кеңес мүшелерін күн тәртібімен таныстырып, 2026 жылға арналған Жастар кеңесінің жұмыс жоспарын ұсынды. Жоспарда жастардың кәсіби дамуына, қоғамдық белсенділігін арттыруға, тәжірибе алмасу мен бірлескен іс-шараларды ұйымдастыруға бағытталған нақты міндеттер қамтылды.
Кеңес мүшелері ұсынылған күн тәртібіндегі мәселелерді жан-жақты талқылап, өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді. Еркін форматта өткен пікір алмасу жастардың ортақ мақсатқа жұмыла жұмыс істеуге дайын екенін көрсетті.
Отырыс қорытындысы бойынша 2026 жылға арналған жұмыс жоспары бірауыздан бекітілді.
-
Фото
-