ҰЖЫМ МҮШЕЛЕРІ ЖАҢА ТӨРАҒАНЫ САЙЛАДЫ
Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кентіндегі орта мектептің ұжымы жуырда жылдық есеп беру жиналысын өткізді. Жиын барысында кәсіподақ ұйымының бұрынғы төрағасы Әділ Анарбеков өткен оқу жылының қаржылық есебін таныстырып, алдағы жылға арналған жоспарларды ортаға салды. Сонымен қатар, ол өз еркімен қызметінен бас тартты.
Ұжым мүшелері ашық дауыс беру арқылы жаңа төрағаны сайлады. Бұл жауапты қызметке бастауыш сынып мұғалімі, тәжірибелі педагог-модератор Алуа Жумадилова тағайындалды.
Мектеп директоры Ардақ Ахметалина Әділ Дәуренұлына атқарған жұмысы үшін алғыс білдіріп, Алуа Сембібекқызына жаңа қызметінде табыс тіледі.
Біз де өз тарапымыздан Қасым Қайсенов кентіндегі орта мектептің жаңа кәсіподақ төрағасы Алуа Сембібекқызы Жұмаділоваға жаңа лауазымында шығармашылық табыс пен табандылық тілейміз!
Шығыс Қазақстан облыстық ұйымы
-
Фото
-