КӘСІПОДАҚ – ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ СЕНІМДІ ТІРЕГІ
Мектеп ұжымының қатысуымен кәсіподақ ұйымының жоспарлы есеп-беру жиналысы өтті. Күн тәртібінде – маңызды мәселелер: жылдық есеп, кәсіподақ мүшелерін сайлау және өзекті тақырыптар.
Кәсіподақ төрағасы Айтолқын Қызырбекова бір жылдық есепті мұқият баяндады. Атқарылған жұмыстар мен қаржылық есеп айқын әрі толық болды. Ұжым тарапынан қойылған сауалдарға жауаптар нақты беріліп, атқарылған жұмыстарға лайықты баға берілді.
Жиналыс қорытындысы бойынша Гүлнұр Работова, Серікбай Сәдуақасов, Меруерт Қадырханова, Роза Отаржиева кәсіподақ мүшелігіне сайланды. Ал Айтолқын Қызырбекова ұжымның бірауыздан қолдауымен қайтадан төрағалық қызметке сайланды.
Мектеп директоры Айнұр Жақсылықова кәсіподақтың еңбегін жоғары бағалап, жаңа мүшелерге сәттілік тіледі. Ұжымның бірлігі мен ынтымағы – басты құндылық екенін атап өтіп, кәсіподақпен әріптестікке дайын екенін жеткізді.
Бұл жиналыс ұжым үшін шабыт сыйлап, жаңа жоспарларға жол ашты. Кәсіподақ ұйымы ұжымның мүддесін қорғауды және әл-ауқатын арттыруды көздейтін жұмыстарды жалғастыра береді деген сенімдеміз.
Шығыс Қазақстан облыстық ұйымы
-
Фото
-