ЕҢБЕК ДАУЛАРЫН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қобда ауданында Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының бастамасымен «Еңбек даулары, олардың туындау себептері. Келлісу комиссиясында еңбек дауларын шешу тәртібі» тақырыбында семинар өтті.
Семинарға бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері, кәсіподақ мүшелері мен келісу комиссиясының мүшелері қатысты. Кездесу кезінде еңбек дауларын алдын алу, әлеуметтік әріптестік тетіктерін жетілдіру бағытындағы тәжірибелер мен нақты мысалдар ортаға салынды.
Іс-шара барысында облыстық ұйым өкілдері еңбек заңнамасындағы жаңашыл өзгерістерге назар аударып, білім беру ұйымдарындағы еңбек қатынастарында жиі кездесетін мәселелерге тоқталды. Педагог қызметкерлердің құқықтарын қорғау, дау туындаған жағдайда оны заң аясында реттеу жолдары түсіндіріліп, келісу комиссиясының жұмыс тиімділігін арттыруға қатысты құқықтық ұсыныстар берілді.
Қорыта айтқанда, облыстық кәсіподақ ұйымының өкілдері алдағы уақытта да Қобда ауданы педагогтарының әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғау, құқықтық сауаттылығын арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыратынын жеткізді.
-
Фото
-