АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ МЕКТЕП ҰЖЫМЫМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
Астана қаласының білім беру қызметкерлері Кәсіподағының төрағасы Батыр Әлиев Астана қаласы әкімдігінің «Талғат Бигелдинов атындағы № 1 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК ұжымымен онлайн форматта ZOOM қосымшасы арқылы кездесу өткізді.
Кездесу барысында Батыр Әлиев Кәсіподақ қызметінің кепілдіктері, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту, олардың заңды мүдделерін қорғау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.
Іс-шара еркін диалог форматында жүргізілді. Кездесу соңында қызметкерлер қызықтырған сұрақтарына жауаптарын алды.
-
Фото
-