ЖАҢА МЕРЗІМГЕ – ЖАҢА ЖОСПАР
Маңғыстау облыстық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымы жұмыс жоспарына еңбекші әйелдер істері жөніндегі Комиссияның отырысы өтті. Еңбекші әйелдер комиссиясының құрамы аудандық, қалалық филиалдар мен облыстық бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларымен, ұйым аппаратының өкілдерімен толықты.
Отырыста Салалық кәсіподақтың Маңғыстау облыстық ұйымы бойынша еңбекші әйелдер ісі жөніндегі комиссиясының жаңа құрамы, 2026 жылға арналған жұмыс жоспары қаралды.
Облыстық ұйым төрағасы Тәрбия Байымбетова әйелдер мүддесіне қатысты мәселелер әрдайым кәсіподақтың назарында екенін жеткізді.
Комиссия төрағасы Асылтас Аманиязова өңірдегі жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Мақсат-міндеттерді айқындалып, жаңа құрам жұмыс жоспарымен таныстырылып, қабылданды.
Алдағы уақытта әйелдердің еңбек, тұрмыстық жағдайын жақсарту, ана мен баланы қорғау және әйелдердің әлеуметтік мәртебесін көтеруге, олардың қоғам өміріндегі орнын күшейтуге, аймақтағы гендерлік саясаттың сапалы жүзеге асуына басқа мәселелер бойынша кешенді жұмыстар жүргізілетін болады.
Маңғыстау облыстық ұйымы