ЖАСТАР КӘСІПОДАҚТЫ ТАҢДАЙДЫ
Осы оқу жылы барысында Алматы қаласындағы ҚМҚК №18 бөбекжай- балабақшасының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Абдуажитова Гүлсезім Нұржанқызы кәсіподақ мүшелерімен «Жастар кәсіподақты таңдайды» атты кездесу өткізді.
Кездесу барысында Алматы қалалық «Ұстаз» кәсіподағы мүшелері бір-бірімен еркін форматта пікір алмасып, сұрақ-жауап ұйымдастырды. Сонымен қатар түрлі ойын элементтері енгізіліп, іс-шара өте қызықты әрі мазмұнды өтті.
Аталған кездесудің басты мақсаты – жастардың кәсіподақ қызметіне деген қызығушылығын арттыру, белсенділігін күшейту және өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік беру болды.
Айта кету керек, ҚМҚК №18 бөбекжай- балабақша қызметкерлері үнемі өз білім деңгейін көтеріп, заман талабына сай дамып, уақытпен бірге нық қадам басып келеді. Мұндай кездесулер ұжымның бірлігін нығайтып, кәсіби дамуға үлкен серпін береді.
-
Фото
-