ШАЛҚАРДА КӘСІПОДАҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ӨЗЕКТІ БАҒЫТТАРЫНА НАЗАР АУДАРЫЛДЫ
Ақтөбе облысында Шалқар аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының ұйымдастыруымен «Кәсіподақ жұмысының бағыттары» тақырыбында семинар өтті. Аталған іс-шара білім беру ұйымдарындағы бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағаларына арналды.
Семинардың басты мақсаты – аудан көлемінде кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттары бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды жүйелеу, қоғамдық белсенділікті арттыру, ұйым жұмысының сапасын жетілдіру, кәсіподақ мүшелерінің құқықтық сауаттылығын көтеру және өзара іс-тәжірибе алмасу болды.
Іс-шара барысында қатысушылар «Қалам түстерін таңдау» әдісі арқылы топтарға бөлініп, командалық жұмысқа жұмылдырылды. «Сұрақ-жауап» әдісі негізінде кәсіподақ қызметіне қатысты теориялық мәліметтер талқыланып, қатысушылар өздерін қызықтырған сауалдарға нақты жауаптар алды.
Топтық жұмыс кезеңінде «Рольдік ойындар» әдісі кеңінен қолданылып, кәсіподақ ұйымының жұмысын тиімді ұйымдастыруға бағытталған түрлі әдіс-тәсілдер ұсынылды. Қатысушылар нақты жағдаяттар негізінде пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті. Бұл өз кезегінде бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағаларының кәсіби біліктілігін арттырып, ұйым жұмысын жаңа деңгейге көтеруге ықпал етті.
Семинар соңында қатысушылар мұндай тәжірибелік бағыттағы кездесулердің маңыздылығын атап өтіп, алдағы уақытта да өзара ынтымақтастықты нығайтуға дайын екендіктерін білдірді. Аталған семинар кәсіподақ жұмысының тиімділігін арттыруға және білім қызметкерлерінің құқықтары мен ортақ мақсат жолындағы жұмысты жүйелеуге ықпал етті.
-
Фото
-