БАСТЫ МАҚСАТ - КӘСІПОДАҚ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ
Еңбек адамының мүддесін қорғау, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қызметіне назар аудару және олардың жұмыс тиімділігін арттыру – бүгінгі кәсіподақ қозғалысының негізгі бағыттарының бірі. Осы мақсатта Ақтөбе облысының Темір аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Назгүл Сәбенова «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» жобасы аясында кездесу өткізді.
Кездесу барысында аудандық кәсіподақ ұйымы тарапынан қоғамдық бақылау ұйымдастырылып, еңбек заңнамасының сақталуы, ұжымдық шарттардың орындалуы және кәсіподақ жұмысының өзекті мәселелері қаралды. Сонымен қатар аудандық кәсіподақ ұйымының жылдық жұмысы бойынша есеп беріліп, атқарылған іс-шаралар мен алдағы жоспарлар таныстырылды.
Іс-шара барысында еңбек құқықтары, еңбек шартын жасасу, еңбекақы төлеу тәртібі және әлеуметтік кепілдіктерге қатысты мәселелер кеңінен түсіндірілді. Кәсіподақ мүшелерінің жеке сұрақтарына нақты жауаптар беріліп, түскен өтініштер мен арыз-шағымдардың назардан тыс қалмайтыны, олардың заң аясында қаралатыны айтылды.
Аталған кездесу бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысын жетілдіруге, кәсіподақ мүшелерімен кері байланысты нығайтуға және өзекті мәселелерді уақытылы шешуге бағытталды.
-
Фото
-