ТҮРКІСТАНДА КӘСІПОДАҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ШАРАЛАРЫ НАЗАРҒА АЛЫНДЫ
Салалық кәсіподақтың Түркістан облыстық ұйымында Атқару комитетінің кезекті отырысы өтті.
Атқару комитетінің отырысына облыстық ұйым төрағасы Ж.Шайдулла бастаған Атқару комитеті мүшелері, қалалық және аудандық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары қатысты. Күн тәртібіне сәйкес бірқатар маңызды мәселелер қаралды.
2025 жылы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, 2026 жылы жүзеге асырылатын негізгі бағыттар мен алдағы міндеттер жан-жақты талқыланды.
Сонымен қатар әлеуметтік әріптестік аясында балабақшаларды жан басына шаққанда қаржыландыру тетіктері бойынша түсіндірме берілді.
Кәсіподақ мүшелерінің еңбек, әлеуметтік-экономикалық және құқықтық мүдделерін қорғау бағытында жүргізілген іс-шараларға жан-жақты талдау жасалды. Білім беру ұйымдарындағы еңбек қатынастары, ұжымдық шарттардың орындалу барысы, әлеуметтік әріптестікті дамыту мәселелері талқыланды.
Кәсіподақ мүшелеріне көрсетілген құқықтық, әлеуметтік көмектің нәтижелері қаралып, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қызметін одан әрі жандандыру, мүшелік есепті күшейту және кәсіподақ жұмысының тиімділігін арттыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданып, жауапты тұлғалар белгіленді.