ЦИФРЛАНДЫРУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ
Түркістан облыстық ұйымында қала және аудан филиалдарының төрағаларымен ZOOM платформасы арқылы онлайн жиналыс өткізілді.
Жиналыстың басты мақсаты – кәсіподақ қызметін жүйелеу, мүшелермен жұмысты жаңа деңгейге көтеру және заманауи цифрлық талаптарға бейімдеу. Кездесу барысында кәсіподақ мүшелерінің есебін нақтылау, олардың деректерін біріздендіру және ортақ база қалыптастыру мәселелері жан-жақты талқыланды. Осы орайда кәсіподаққа мүше барлық қызметкерлерді «Еңбек.kz» электрондық платформасында тіркеу қажеттілігі туындап отырғаны ерекше атап өтілді. Бұл кәсіподақ жұмысының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, төраға тарапынан «Қалың қалай, бастауыш?» атты акцияны белсенді түрде жүзеге асыру тапсырылды. Аталған акция аясында қала және аудан филиалдарының төрағалары бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен, еңбек ұжымдарымен тікелей кездесулер өткізіп, олардың әлеуметтік-еңбек мәселелерін тыңдау, ұсыныс-пікірлерін жинақтау жұмыстарын қатаң түрде қолға алуы тиіс екені айтылды. Бұл бастама кәсіподақ пен мүшелер арасындағы байланысты нығайтып, нақты проблемаларды жергілікті жерде анықтауға бағытталған.
Жиналыс барысында сала қызметкерлерінің еңбек құқықтарын қорғау, кәсіподақ мүшелігін арттыру, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту және алдағы жоспарлар бойынша өзге де өзекті мәселелер кеңінен талқыланды.
Кездесу соңында облыстық ұйым төрағасы Жандос Шайдуллаұлы барлық филиал төрағаларын берілген тапсырмаларды жауапкершілікпен орындап, кәсіподақ жұмысын жаңа сапалық деңгейге көтеру үшін бірлесе жұмыс істеуге шақырды.
-
Фото
-