ҰСТАЗДЫҚ ҚЫЛҒАН ЖАЛЫҚПАС...
Тұрарова Нұрзия Рымбекқызы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Көктас ауылындағы №4 жалпы білім беретін тірек мектебінде (ресурстық орталық) 1992 жылдан бері үздіксіз еңбек етіп келе жатқан, мол тәжірибелі, өз ісіне адал ұстаз.
Нұрзия Рымбекқызының мамандығы логопед, қазіргі таңда сөйлеу қабілеті жеткілікті деңгейде дамымаған оқушыларға жан-жақты көмек көрсетіп жүрген білікті де таптырмас маман. Ол әр баланың жан дүниесіне терең үңіле отырып, шыдамдылық пен мейірімді, жоғары кәсіби біліктілікті ұштастыра білетін педагог.
Ұстаздың еңбегі мен кәсіби шеберлігі бірқатар марапаттармен лайықты бағаланған. Сондай-ақ, республикалық «Үздік педагог – 2022» байқауының І орын иегері атанды. 2017 жылы Республикалық «Балалар – өмірдің гүлі» байқауында. «Заманауи сабақ – тиімді сабақ» номинациясы бойынша Гран-при жүлдегері болды. 2020 жылы «ASIA EDUCATION» халықаралық даму орталығы ұйымдастырған республикалық «Көркем жазу – өнер» байқауында Ыбырай Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін көркем жазу бағыты бойынша жеңімпазды дайындағаны үшін марапатталып, мақтау қағазына ие болды.
Нұрзия Рымбекқызының кәсіби шеберлігі мен адами қасиеттері үйлесім тапқан, шәкіртінің жетістігін өз еңбегінің нәтижесі деп біледі, әріптестері мен ата-аналар тарапынан зор құрметке ие ұстаз.