ҰСТАЗДЫҚ — ҰЛЫ ҚЫЗМЕТ
Омарова Нұржанат Мұқабылқызы Қарағанды облысы Шет ауданындағы Жамбыл Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясында бастауыш сынып мұғалімі болып 37 жыл үздіксіз еңбек етіп келе жатқан мол тәжірибесі мен жоғары кәсіби біліктілігі бар ұстаз. Ол өз мамандығын терең меңгерген, жаңашылдыққа ұмтылатын, шәкірт тәрбиелеуде үлкен жауапкершілік танытатын педагог.
Ұстаз оқу-тәрбие үдерісінде заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана отырып, білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра білді. Шәкірттері түрлі білім сайыстары мен олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болып, жоғары нәтижелер көрсетті.
Нұржанат Мұқабылқызы – адамгершілігі мол, сабырлы, әділ әрі талапшыл жан. Әріптестері арасында беделді, ұжыммен тіл табыса білетін, жас мамандарға үнемі бағыт-бағдар беріп отыратын тәлімгер. Оқушылар мен ата-аналар тарапынан зор құрметке ие.
37 жылдық жемісті еңбегі барысында бірнеше мәрте алғыс хаттармен, марапаттармен марапатталған. Өз ісіне адал, білім мен тәрбие беру жолындағы еңбегі үлгі боларлықтай.