ҮЛГІЛІ ҰСТАЗ
Ұстаз – ұлт болашағын қалыптастыратын, жас ұрпақтың жүрегіне білім мен тәрбие дәнін себетін ең қадірлі мамандық иесі.
Саналы ғұмырында осындай абыройлы жолды таңдаған Тауағаш орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Шынар Ермекқызы – білім беру саласындағы үлгілі тұлғалардың бірі.
Шынар Ермекқызы еңбек жолын бастауыш сынып мұғалімі ретінде бастап, ұзақ жылдар бойы Тауағаш орта мектебінде табанды түрде қызмет етіп келеді. Ол 40 жылдан астам уақыт бойы бірнеше буын шәкірттерді оқытып, тәрбиелеп, олардың тұлға болып қалыптасуына зор үлес қосты. Ұстаздың кәсіби біліктілігі, әдістемелік шеберлігі және жоғары жауапкершілігі оның әрбір сабағынан айқын көрінеді.
Педагог ретінде Шынар Ермекқызы білім берумен қатар оқушылардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға, еңбекқорлық пен тәртіпке тәрбиелеуге ерекше мән береді. Ол әрбір баланың жеке қабілетін ескеріп, шығармашылық әлеуетін дамыту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.
Ұжым ішінде Шынар Ермекқызы тәжірибесі мол, ақыл-кеңесін аямайтын, жас мамандарға тәлімгер бола білетін беделді ұстаз. Ата-аналар қауымдастығы арасында да оның еңбегі жоғары бағаланып, зор құрметке ие.
Мектебіміздің ардақты ұстазы Шынар Ермекқызы – бастауыш білім беру саласына өлшеусіз үлес қосқан, шәкірт тәрбиесінде өзіндік орны бар, көпке үлгі боларлық тұлға.
Оның саналы ғұмыры мен қажырлы еңбегі әрдайым құрмет пен тағзымға лайықты.
Есіл ауданы, Солтүстік Қазақстан облысы