ҚАРАҒАНДЫДА КОЛЛЕДЖ ОҚЫТУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ
«Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК базасында Қарағанды облысы колледждерінің оқытушылары арасында «Кім мықты?» IV облыстық спартакиадасы ұйымдастырылды.
Спартакиаданың негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, педагогтарды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, сондай-ақ колледж оқытушылары арасындағы ынтымақтастық пен достық қарым-қатынасты нығайту.
Спорттық шараға Қарағанды облысының колледждерінен 21 команда қатысып, өзара бақ сынасты. Жарыс бағдарламасы үш спорт түрін қамтыды: волейбол, үстел теннисі және тоғызқұмалақ.
Тоғызқұмалақ спорт түрі бойынша:
III орын – «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК;
II орын – «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КМҚК;
I орын – «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК.
Волейбол бойынша:
III орын – «Қарағанды көлік-технологиялық колледжі» КМҚК;
II орын – «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК;
I орын – «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК.
Үстел теннисі бойынша:
III орын – «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК;
II орын – «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КМҚК;
I орын – «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК.
Командалық есептің қорытындысы бойынша:
III орын – «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КМҚК;
II орын – «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК;
I орын – «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК.
Жарыс қорытындысында әр спорт түрінен жеңімпаз және жүлдегер атанған командалар кубоктармен, грамоталармен және қаржылай сертификаттармен марапатталды.
Спартакиада педагогтар арасында бұқаралық спортты дамытуға, кәсіби ортада өзара қолдау мен ынтымақтастықты арттыруға зор үлес қосты.
-
Фото
-