ЗАҢ МЕН ТӘЖІРИБЕ ТОҒЫСҚАН СЕМИНАР ЫРҒЫЗ АУДАНЫНДА
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен Ырғыз ауданында мазмұнды семинар өтті. «Еңбек даулары: туындау себептері және оларды келісу комиссиясында шешу тәртібі» тақырыбын арқау еткен семинарға бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, кәсіподақ мүшелері мен келісу комиссиясының мүшелері қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты – еңбек дауларын шешу жолдарын жетілдіру және әлеуметтік әріптестікті нығайту бағытындағы тәжірибелермен бөлісу.
Семинар барысында облыстық ұйым өкілдері еңбек заңнамасындағы соңғы өзгерістерге кеңінен тоқталып, білім беру саласындағы еңбек қатынастарына тән өзекті мәселелерді талқылады. Педагог қызметкерлердің құқықтық қорғалуы, еңбек дауларын алдын алу және оларды тиімді реттеу тетіктері жан-жақты қарастырылды. Сонымен қатар, еңбек дауы туындаған жағдайда келісу комиссиясының рөлін күшейту, жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы келісімдердің заң талаптарына сай орындалуын қамтамасыз ету жолдары бойынша нақты құқықтық кеңестер берілді.
Айта кетейік, аталған семинар бүгін Шалқар ауданында жалғасады.
-
Фото
-