ҚОҒАМ ТІРЕГІ - ЕҢБЕК АДАМЫ
Үрстемов Ерболат Дулатұлы Шет ауданындағы Жамбыл Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясында 1994 жылдан бастап шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары болып еңбек етіп келеді. Еңбек жолында өзіне жүктелген міндеттерді адалдықпен әрі жоғары жауапкершілікпен атқарып жүрген білікті маман. Ол мектептің күнделікті шаруашылық жұмыстарының уақытында және сапалы орындалуына зор үлес қосуда. Ерболат Дулатұлы өз жұмысында ұқыпты және тиянақты.
Қызмет барысында еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтап, мектеп мүлкінің дұрыс пайдаланылуына және сақталуына ерекше мән береді. Ұжым ішінде қарапайымдылығымен, сабырлы мінезімен және адамгершілік қасиеттерімен ерекшеленеді.
Әріптестерімен тіл табыса білетін, көмек көрсетуге әрдайым дайын, сенімді қызметкер ретінде танылған. Мектеп әкімшілігінің тапсырмаларын мүлтіксіз орындап, оқу ордасының тазалығы мен тәртібінің сақталуына тұрақты түрде атсалысып келеді.