ЕҢБЕККЕ АДАЛДЫҚ – ТАБЫСТЫ ҚЫЗМЕТТІҢ НЕГІЗІ
Мұстафина Несіпкүл Қасымқызы 2006 жылдан бері Жамбыл Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясында физика кабинеті лаборанты қызметін абыроймен атқарып келеді. Ұзақ жылғы еңбегі барысында ол өзіне жүктелген міндеттерді жоғары жауапкершілікпен орындап, оқу үдерісінің сапалы әрі тиімді ұйымдастырылуына тұрақты үлес қосып келеді.
Физика кабинетіндегі құрал-жабдықтардың сақталуы, реттелуі және сабаққа толық дайын болуы – Несіпкүл Қасымқызының тікелей бақылауында. Ол зертханалық жұмыстарға қажетті құралдарды уақытылы әзірлеп, қауіпсіздік техникасы талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, оқу құралдарының дұрыс пайдаланылуын қадағалап, кабинет ішіндегі тәртіп пен тазалықтың сақталуына ерекше мән береді.
Қызмет барысында ол пән мұғалімдерімен тығыз байланыста жұмыс істеп, сабақтардың жоспарлы әрі мазмұнды өтуіне елеулі көмек көрсетеді. Өз ісіне ұқыптылығы мен жауапкершілігі ұжым тарапынан жоғары бағаланады.
Несіпкүл Қасымқызы – отбасында аяулы жар, немерелеріне қамқор әже. Балалары мектеп қабырғасында тәртіптілігімен үлгі көрсетіп, бүгінде әртүрлі салада еңбек етіп, қоғам дамуына өз үлестерін қосып келеді.
Қарағанды облыстық ұйымы