ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ПЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК – КӘСІБИ ҚЫЗМЕТТІҢ НЕГІЗІ
Гареев Жанат Болатұлы 2007 жылдан бері Жамбыл Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясында сантехник қызметін атқарып келеді. Қызметтік міндеттерін адал әрі жауапкершілікпен орындап, мекеменің күнделікті жұмыс жүйесінің тұрақты әрі сапалы жүргізілуіне өз үлесін қосып келеді.
Қызмет барысында ол жылу және су жүйелерінің үздіксіз әрі дұрыс жұмыс істеуін қадағалап, туындаған ақауларды уақытында анықтап, жою жұмыстарын тиянақты атқарады. Өз ісіне мұқият қарап, техникалық жұмыстарды сапалы орындауы оның кәсіби тәжірибесінің айқын көрінісі.
Жанат Болатұлы еңбек тәртібін сақтайтын, тапсырылған жұмыстарды уақытында орындайтын тәжірибелі маман. Әріптестерімен қарым-қатынасы жақсы, ұжым ішінде сенімді әрі еңбекқор қызметкер ретінде құрметке ие.
Қарағанды облыстық ұйымы