ЕҢБЕККЕ ҚҰРМЕТ
Ақтөбеде Шалқар аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының қолдауымен 2025–2026 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен пәндік олимпиаданың облыстық кезеңінде жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болған дарынды оқушылар мен олардың жетекші пән мұғалімдерінің құрметіне арналған салтанатты марапаттау шарасы ұйымдастырылды.
Шараның басты мақсаты білім бәсекесінде оза шапқан оқушылардың жетістігін дәріптеу, олардың табандылығына қолдау білдіру, сондай-ақ шәкірт тәрбиелеуде аянбай еңбек еткен ұстаздардың еңбегін жоғары бағалау болды.
Марапаттау рәсіміне қатысқан пән мұғалімдеріне аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымы мен аудандық білім бөлімінің бірлескен Алғыс хаттары табысталып, шығармашылық ізденісі мен кәсіби шеберлігі үшін лайықты бағаланды. Сонымен қатар, оқушыларды облыстық деңгейдегі білім додасына дайындап, жеңіске жетелеуде ерекше үлес қосқан жетекші мұғалімдерге кәсіподақ ұйымы тарапынан қаржылай қолдау көрсетілді.
Марапаттау шарасы білім саласындағы табысты еңбекті қолдаудың нақты көрінісі болып, дарынды оқушылар мен оларды жеңіске жетелеген ұстаздарға көрсетілген лайықты құрмет болды.