АУДАННЫҢ ҮЗДІК ПСИХОЛОГТАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Ақтөбеде Байғанин және Қобда аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының қолдауымен «Үздік жыл психологы – 2026» республикалық байқауының аудандық кезеңі өтті. Білім беру ұйымдарының психолог мамандары қатысқан бұл байқау кәсіби шеберлік пен шығармашылық ізденістің, жан жылуы мен жауапкершіліктің жарқын көрінісіне айналды.
Байқаудың басты мақсаты – білім беру саласында қызмет атқаратын психологтардың кәсіби біліктілігін арттыру, озық тәжірибелерін насихаттау және шығармашылық әлеуетін қолдау. Қатысушылар бірнеше кезең бойынша сынға түсіп, өздерінің теориялық білімдерін, тәжірибелік дағдыларын және жаңашыл идеяларын ортаға салды.
Байқау қорытындысында жеңімпаздар мен барлық қатысушыларға аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымдарының арнайы сыйлықтары мен аудандық білім бөлімінің алғыс хаттары табысталды.