МЕЙІРІМДІ ЖҮРЕК – АЯУЛЫ ҰСТАЗ
Абакашева Қайрангүл Сағатқызы ұзақ жылдар бойы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Аппаз ауылындағы Р.Сағымбеков атындағы №18 жалпы білім беретін мектебінде мектепалды сынып педагогы қызметін абыроймен атқарып келе жатқан мол тәжірибесі мен терең білімі тоғысқан білікті педагог. Ол өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, әр тәрбиеленушінің бойындағы қабілетті дер кезінде танып, оны дамытуға бар күш-жігерін жұмсайтын нағыз шебер маман.
Қайрангүл Сағатқызы еңбек жолы барысында өзінің кәсіби шеберлігін дәлелдеп, аудандық,облыстық, республикалық іс-шараларға белсене қатысып диплом , алғыс хаттармен марапатталған мерейлі ұстаз “Дамытушы ойындарды мектепке дейінгі білім беруде пайдалану” жинағының авторы, “Тұлға” Халықаралық байқау фестивалінің дипломы, “Ұлы дала ұстазы” журналының Алғыс хатымен марапатталған мерейлі ұстаз.
Тәрбиеленушілері түрлі білім сайыстарына, жарыстарға, облыстық және республикалық деңгейдегі іс-шараларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеді. Бұл Қайрангүл ұстаздың еңбегі мен кәсіби шеберлігінің айқын дәлелі.
Өнегелі ұстаз жас ұстаздарға әрдайым бағыт-бағдар беріп, өз тәжірибесімен бөлісуден ешқашан жалықпайтын, ақыл-кеңесін аямайтын білікті маман. Қоғамдық жұмыстарға да зор жауапкершілікпен қарайтын еңбексүйгіш, ұжым ішінде беделді, адамгершілігі мен іскерлігі әріптестеріне үлгі боларлық ұстаз ретінде зор құрметке ие тұлға.