БАСТАУЫШ ҰЙЫМДАРЫМЕН ДИАЛОГ
«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» жобасы аясында Ақтөбе облысының Мұғалжар аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Жұмагүл Жұмабаева бірқатар білім беру мекемелерінде кездесулер өткізді.
Атап айтқанда, Қандыағаш қаласындағы №1, №4, №5 жалпы білім беретін мектептерінде, «Сағашилі», «Ақкемер», «Құмсай» орта мектептерінде, «Жарық» негізгі орта мектебінде, №59 бастауыш мектепте, сондай-ақ «Амалия», «Күншуақ», «Жансая» бөбекжай-бақшаларында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының мүшелерімен жүздесулер ұйымдастырылды.
Кездесу барысында педагог қызметкерлердің әлеуметтік құқықтары, еңбек жағдайлары, заңнамалық кепілдіктері мен ұйым ішіндегі өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, еңбек қатынастарына байланысты туындаған сұрақтарға жауаптар беріліп, ұжым мүшелерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Мұндай форматтағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
-
Фото
-