ШАБЫТ ПЕН СЕРГЕКТІК СЫЙЛАҒАН ШАРА
Ұстаз болу жүрекпен атқарылатын, табандылық пен тынымсыз ізденісті талап ететін қасиетті мамандық. Сол себепті ұстаздар үшін рухани сергіп, демалып, шабыт алатын сәттердің орны ерекше.
Осы орайда Түркістан облыстық ұйымы Кентау қалалық кәсіподақ комитетіне қарасты Ә.Бөкейханов атындағы №23 жалпы білім беретін мектебінде ұстаздар қауымына арналған «Day off quiz» – шаршаудан шабытқа жетелеген ерекше зияткерлік сайыс жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл шара күнделікті қарбаластан бір сәтке алшақтап, ойды сергітіп, көтеріңкі көңіл күй сыйлаған әсерлі демалысқа айналды.
Сайыс 6 кезеңнен тұрып, әрбір бөлім логикалық ойлау, тапқырлық, жылдам шешім қабылдау мен командалық үйлесімді талап етті. Қатысушылар өз білімдері мен зердесін ғана емес, позитивті энергиясы мен көтеріңкі көңіл күйін де айқын көрсете білді.
Байқауға 3 команда қатысып, тартысты да қызықты бәсеке өрбіді. Ұпай қорытындысы бойынша
1 орынды «ЖасStar»,
2 орынды «Proteachers»
3 орынды «Жаңа толқын» командалары иеленді.
«Шаршаудан — шабытқа» деген ұран толықтай жүзеге асып, бұл күн ұстаздар үшін есте қаларлық, бірлік пен ынтымақты арттырған тамаша шара болды. Осындай мазмұнды әрі мағыналы іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады деген сенімдеміз!
Түркістан облыстық ұйымы