КӘСІПОДАҚ ҚОЛДАУЫ
Ақтөбеде Мұғалжар аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының қолдауымен мектеп және қосымша білім беру педагогтары арасында аудандық «Баланың бос уақыты: дамуы, тәрбие, қауіпсіздік» атты байқау өткізілді.
Шараның мақсаты – балалардың бос уақытын тиімді әрі мазмұнды ұйымдастыруға ықпал ету, шығармашылық белсенділікті арттыру, тәрбие мен қауіпсіздік мәселелерін қоғам назарына ұсыну, сондай-ақ үздік педагогикалық тәжірибелерді аудан көлемінде тарату.
Байқау барысында қатысушылар өздерінің кәсіби шеберлігін, жаңашыл жобаларын және тәрбиелік бағыттағы нәтижелі тәжірибелерін көпшілікке таныстырды. Педагогтар баланың жан-жақты дамуына ықпал ететін үйірме, секция, тәрбие сағаттары мен түрлі шығармашылық жұмыстардың тиімді үлгілерін ұсынды. Әр жұмыс мазмұндылығы, өзектілігі және тәжірибеде қолдану мүмкіндігі тұрғысынан жан-жақты бағаланды.
Қазылар алқасының шешімімен үздік деп танылған педагогтар анықталып, жүлделі орындарға ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер аудандық кәсіподақ ұйымының қолдауымен арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Байқау аудан педагогтарының кәсіби ынтымақтастығын нығайтып қана қоймай, тәжірибе алмасуға кең мүмкіндік берді.
-
Фото
-