ЕҢБЕК ЕТСЕҢ ЕРІНБЕЙ...
Бекішбекова Ғалияш Серікқызы Қарағанды облысындағы «Балдырған» бөбекжайында 2025 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Әрбір қоғамның дамуы сол елдің азаматтарының қандай тұлғаларды үлгі тұтатынына тікелей байланысты.
Ғалияш Серікқызы тек жетістікке жеткен адам ғана емес, ол өз мінез-құлқымен, адамгершілігімен, еңбегімен және елге деген сүйіспеншілігімен өзгелерге жол көрсете алатын жан. Ол ең алдымен адалдықты биік қояды. Қандай жағдай болмасын шындықты ту етіп, әділ шешім қабылдай біледі. Мұндай адам өз пайдасын емес, көптің қамын ойлайды. Адал еңбектің арқасында жетістікке жеткен тұлға жас ұрпаққа «Еңбек етсен ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген халық даналығының мәнін дәлелдейді.
Ғалияш Серікқызы – білімге құштар жан. Ол өмір бойы үйренуден жалықпай ізденеді. Білімді тұлға айналасына да білімнің қадірін түсіндіре алады. Кәзіргі заманда білім мен технология дамыған кезеңде білімді, ойы сергек азаматтар ел болашағының кепілі болып табылады. Сонымен қатар, Ғалияш Серікқызы жауапкершілігі мол адам. Ол өз сөзі мен ісіне жауап беріп, уәдесінде тұра алады. Қоғамдағы әрбір істі немқұрайлы қарамай белсенділік танытады. Осындай жауапкершілікті сезінген адам ғана елдің дамуына үлес қоса алады.
Ғалияш Серікқызының тағы бір қасиеті – адамгершілік. Ол кішіпейіл, мейірімді, өзгеге қол ұшын беруге әрдайым дайын тұрады. Қиын сәтте демеу бола білу, айналасындағы адамдарды түсіну – нағыз адамзатқа тән асыл қасиеттер. Ғалияш Серікқызы қоғамға пайдасын тигізетін, елін сүйетін, адам еңбегімен, терең білімімен және биік адамгершілігімен ерекшеленетін жан. Осындай тұлғаларды үлгі етсек болашағымыз жарқын, еліміз қуатты болары сөзсіз.