ТАРБАҒАТАЙ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ СПАРТАКИАДАСЫ
Тәуелсіздіктің 35-жылдығын мерекелеу аясында ШҚО Тарбағатай аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымы кәсіподақ мүшелері арасында аудандық спартакиада ұйымдастырды. Жарыс шахмат, тоғызқұмалақ және үстел теннисі бойынша өтті.
Спартакиадаға ауданның 20 мектебінен 70 спортшы қатысты. Салтанатты ашылу рәсімі «М. Әуезов атындағы Ақжар мектеп-интернет-колледжі» КММ-де өтті. Ашылуда Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы С. Дауытбаева қатысушыларға сәттілік тіледі.
Ойынның жалғасы Қ.Билялов атындағы мектеп-лицейінде тоғызқұмалақтан, Абай атындағы орта мектебінде шахматтан, ал Б. Сайханов атындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде үстел теннисінен жалғасты.
Қызу тартысқа толы жарыс нәтижесінде жеңімпаздар анықталды.
Үстел теннисі. Әйелдер арасында: І орын – Кеңесханова Арай (Абай атындағы орта мектебі), ІІ орын – Дүйсенбаева Әсел (М. Әуезов атындағы Ақжар мектеп-интернет-колледжі), ІІІ орын – Есіркепова Құралай (А. Байтұрсынов атындағы орта мектебі).
Ерлер арасында: І орын – Мырзакеев Жалғас (Ақмектеп атындағы орта мектебі), ІІ орын – Серіков Жақсылық (Д. Қонаев атындағы мектеп-балабақша кешені), ІІІ орын – Ахатбеков Айбарбек (Абай атындағы орта мектебі).
Шахмат. Әйелдер арасында: І орын – Кожахметова Шынар (Қ. Билялов атындағы мектеп лицейі), ІІ орын – Ерболова Жансая (М. Әуезов атындағы Ақжар мектеп-интернет-колледжі), ІІІ орын – Ноғайбаева Жанат (Ш. Уәлиханов атындағы орта мектебі).
Ерлер арасында: І орын – Егінбаев Асқар (Ш. Уәлиханов атындағы орта мектебі), ІІ орын – Қанафин Ербол (М. Әуезов атындағы Ақжар мектеп-интернет-колледжі), ІІІ орын – Мыскенов Серік (Абай атындағы орта мектебі).
Тоғызқұмалақ. Әйелдер арасында: І орын – Смағұлова Әлия (Асусай мектеп-балабақша кешені), ІІ орын – Қойгелова Шынар (М. Әуезов атындағы Ақжар мектеп-интернет-колледжі), ІІІ орын – Ынтымақ Мәриям (Абай атындағы орта мектебі).
Ерлер арасында: І орын – Қосын Қуат (Абай атындағы орта мектебі), ІІ орын – Бұрғанбаев Абзал (Асусай мектеп-балабақша кешені), ІІІ орын – Қанафиянов Аман (Жаңаталап орта мектебі).
Жеңімпаздар аудандық кәсіподақ ұйымының мадақтамасымен, медальдармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, әр ойын түрінен ерекше көзге түскен спортшыларға алғыс хаттар табысталды. Бұл спартакиада білім саласындағы кәсіподақ мүшелерінің спорттық белсенділігін арттыруға, ұжымдық рухты нығайтуға және Тәуелсіздік мерекесін лайықты атап өтуге ықпал етті.
Шығыс Қазақстан облыстық ұйымы
-
Фото
-