АДАЛ ЕҢБЕГІМЕН ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕР
Мусина Зәуреш Аметқызы 2003 жылдан бастап Жамбыл Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясында еден жуушы қызметін атқарып, өз міндеттерін адал әрі жоғары жауапкершілікпен орындап келеді. Ұзақ жылдар бойы білім ордасында тазалық пен тәртіптің сақталуына елеулі үлес қосып, еңбекқорлығы мен ұқыптылығын көрсетті.
2019 жылдан бастап вахтер (қарауыл) қызметіне ауысып, өзіне жүктелген міндеттерді тиянақты әрі сапалы орындауда. Еңбек тәртібін қатаң сақтайтын, сенімді және жауапты қызметкер ретінде ұжым арасында құрметке ие.
Зауреш Аметқызы отбасында да үлгілі жан. Немерелерінің сүйікті әжесі ретінде мейірімділігімен, қамқорлығымен отбасының берекесі мен бірлігін нығайтып келеді.
Қарағанды облыстық ұйымы