МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫ МЕН ЕСЕПШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР
Ақтау қаласында білім беру ұйымдары директорлары мен есепшілеріне «Зейнеткерлік жасқа толған қызметкерлермен еңбек шартын бұзу» тақырыбында семинар өткізді.
Семинарға білім беру ұйымдарынан 85-тен астам тыңдаушы қатысты. Семинардың басты мақсаты - зейнет жасына жеткен және зейнеткерлік демалысқа шыққан педагогтарға төленетін өтемақы төлемі туралы және осыған қатысты құжаттарды нормативтік талап нормаларына сай жүргізуді түсіндіру.
Өзекті мәселе туралы облыстық кәсіподақ ұйымының құқық істері жөніндегі бас маманы Н.С.Храмова түрлі форматта түсінік жұмыстарын жүргізе отырып, жұмыс беруші тараптан ресімделетін құжаттарға қатысты талап нормаларын атап өтті.
Шара барысында еңбек қатынастары саласындағы құқық қолдану тәжірибесінің өзекті мәселелері бойынша қатысушылардың сұрақтарына да толықтай құқықтық кеңестер беріліп, жан-жақты талқыланды.
Ақтау қалалық филиалы
-
Фото
-