БАЙҒАНИН АУДАНЫ: ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК ПЕН ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ
Ақтөбенің Байғанин ауданында «Қалың қалай, бастауыш?» жобасы аясында білім беру ұйымдарына қоғамдық бақылау жүргізіліп, әдістемелік көмек көрсетілді. Аталған жоба барысында Байғанин аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Мұрат Жамаладин бірқатар білім мекемелерінде, яғни Жармағамбетов атындағы орта мектеп, Қ. Мұханбетқали атындағы орта мектеп-гимназия, «Шаттық» бөбекжай-балабақшасы, «Шұғыла» бөбекжай-балабақшасы, «Ізімова А.І» «Әсем» балабақшасы, «Ақрайыс» ЖШС «Ақрайыс» бөбекжай-балабақшасы, «ASEMAI» балабақшасы, ЖШС «ZHANIBEK-N» «Айханым» МДҰ, Б. Тәжібаев атындағы балалар музыка мектебі және Байғанин аудандық шығармашылық орталығында қоғамдық бақылау жүргізіп, бастауыш кәсіподақ ұйымына әдістемелік көмек берді.
Сонымен қатар, аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Мұрат Жамаладин ұжым мүшелерімен кездесті. Кездесуде кәсіподақ мүшелері көкейіндегі сұрақтарын қойып, өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Кәсіподақ тарапынан әлеуметтік қолдау шаралары, еңбек құқықтарының қорғалуы және мұғалім мәртебесін нығайту бағытындағы жұмыстар да назардан тыс қалмады.
-
Фото
-