КӘСІПОДАҚ ҚОЛДАҒАН КӘСІБИ САЙЫС
Ақтөбеде Байғанин, Мәртөк, Ырғыз аудандық білім бөлімдері қызметкерлері кәсіподағы ұйымының қолдауымен «Үздік ағылшын тілі пәні мұғалімі – 2026» аудандық байқауы өтті. Ұстаздар қауымының кәсіби шеберлігін шыңдап, тәжірибе алмасуына мүмкіндік берген бұл шара білім саласындағы маңызды оқиғалардың біріне айналды.
Байқаудың негізгі мақсаты – ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің кәсіби деңгейін арттыру, озық педагогикалық тәжірибелерді кеңінен насихаттау және шығармашыл, жаңашыл ұстаздарды анықтау. Қатысушылар білім беру үдерісіндегі заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана отырып, өз тәжірибелері мен авторлық идеяларын ортаға салды.
Сайыс кезеңдерінде мұғалімдер шеберлік сабақтарын өткізіп, цифрлық ресурстарды пайдалану жолдарын көрсетті, оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған тың жобаларын таныстырды. Әр үміткердің жұмысы мазмұндылығы, жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы тұрғысынан бағаланды.
Әділқазылар алқасының шешімімен үздік деп танылған ұстаздар арнайы дипломдармен және аудандық кәсіподақ ұйымының ақшалай сертификаттарымен марапатталды. Сонымен қатар жеңімпаздарға шипажайға және тарихи-танымдық саяхаттарға жолдамалар табысталды.
-
Фото
-