ҰЖЫММЕН АШЫҚ ДИАЛОГ АЛАҢЫ
«Қалың қалай, бастауыш?» жобасы аясында Ақтөбеде аудандық кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мектептердегі бастауыш кәсіподақ ұйымдарының есеп беру жиналыстарына қатысып, сала қызметкерлерімен кездесті. Аталған бастама – білім беру ұйымдарындағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысын жандандыру, әлеуметтік әріптестікті нығайту және ұстаздардың құқықтық қорғалу деңгейін арттыруды көздейді.
Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Мейрамбек Ахметов Комсомол және Т.Жүргенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымдарының есеп беру жиналыстарына қатысты. Жиын барысында бастауыш ұйым төрағалары атқарылған жұмыстар туралы баяндап, мүшелік жарналардың жұмсалуы, әлеуметтік қолдау шаралары, еңбек дауларының алдын алу, мәдени-көпшілік іс-шаралар мен сауықтыру бағытындағы жұмыстар жөнінде есеп берді.
Кездесу барысында Мейрамбек Ахметов кәсіподақтың негізгі міндеттеріне тоқталып, педагогтардың еңбек құқықтарын қорғау, ұжымдық шарттардың орындалуын қадағалау мәселелерін түсіндірді.
Осындай мазмұнды кездесу Алға аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымы тарапынан да жалғасын тапты. Ұйым төрағасы Нұрлан Шындаулет №1 Алға орта мектебі және №4 Алға орта мектебі ұжымдарымен кездесті.
▪️Кездесу барысында кәсіподақ қызметінің басым бағыттары – еңбек заңнамасының сақталуы, әлеуметтік әріптестікті дамыту, сауықтыру шараларын ұйымдастыру және материалдық көмек көрсету тетіктері талқыланды. Сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жоспарлармен бөлісіп, бастауыш ұйымдардың белсенділігін арттыру, жастарды кәсіподақ қатарына тарту және құқықтық сауаттылықты күшейту бағытындағы жұмыстарды жүйелеу қажеттігін атап өтті. Ұжым мүшелері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасты.
-
Фото
-