ӨНЕГЕЛІ ҰСТАЗ - ҰРПАҚҚА ҮЛГІ
Рахымберлина Майра Садвакасқызы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы Бесоба ауылы Қамқор бөлімшесінде 1965 жылы 5 мамырда дүниеге келген. Қарағанды облысы білім басқармасының Қарқаралы ауданы білім бөлімінің Бесоба ауылының №8 тірек мектебі (РО) КММ-де 1989 жылдан бастап физика, биология пәндерінің мұғалімі болып еңбек етеді. 1988 жылы ҚарМУ-нің физика, 2006 жылы Қар МУ-дің биология факультетін бітірген, санаты - педогог-зерттеуші. Еңбек өтілі 37жыл.
Майра Садвакасқызы өзінің еңбекқорлығымен шығармашылық жұмыс істейтін, жаңалыққа жаны құмар маман. Педогогикалық білімі жетік, өз мамандығын жете игерген ұстаз. Әр сабағының мақсатын нақты анықтай отырып, сабақтың тиімді әдіс-тәсілдерін ұтымды қолдана алады. Оқушының білім құштарлығын арттыру, өз бетімен еңбек етуге, шығармашылыққа баулу, моральдық саяси және биологиялық тілін, пәндік танымын дамытуға бағыттайдыжағдаяттардан шығуға функционалдық сауаттылыққа баулиды. ҰБТ-де оқушылары жақсы көрсеткіш көрсетуде.
Биология пәні бойынша оқушылары жоғары балл жинап, Қарағанды Мемлекеттік Медицина академиясының грантын иеленді және бірнеше оқушысы мед. Колледждің грант иегерлері. Оқушыларды ҒПК баулып, аудан, облыс, республикалық форумдарға қатыстырып, марапатталған. Осы еңбектері үшін Майра Садвакасқызы аудандық білім бөлімінің, облыстық білім басқармасының, Оқу–Ағарту министрлігінің құрмет грамоталарымен марапатталған. Майра Садвакасқызы мектепте математика-жарытылыстану бірлестігінің жетекшісі.
Үнемі өз бірлестігіне жанашырлықпен әдістемелік көмектерін беріп, жас ұстаздарға көмегін аямай тәжірибе алмасып отырады. Қазіргі таңда Аяулы жар, балаларының жанашыр анасы, немерелерінің сүйікті әжесі. Жұмыста еңбек пен тәртіпті ұстанса, отбасында мейірім мен өнеге көрсетіп отыр. Сабырлылығы мен төзімділігі үлгі боларлық нағыз үлгі тұтар тұлға.