БАСТАУЫШ ҰЙЫМДАРМЕН ТИІМДІ БАЙЛАНЫС
«Қалың қалай, бастауыш?» жобасы аясында Темір аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Назгүл Сәбенова сала қызметкерлерімен кездесті. Аталған бастама – білім беру ұйымдарындағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысын жандандыру, әлеуметтік әріптестікті нығайту және ұстаздардың құқықтық қорғалу деңгейін арттыруды көздейді.
Айта кетейік, Назгүл Сәбенова кездесулерін С.Байішев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп, Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп, Алтықарасу мектеп-балабақшасы, Кеңесту негізгі орта мектеп, Сартоғай негізгі орта мектеп, Бабатай негізгі орта мектеп, “Балапан” балабақшасы және “Балдырған” балабақшасында өткізді.
Жиын барысында аудандық ұйым тарапынан атқарылған жұмыстар туралы баяндап, мүшелік жарналардың жұмсалуы, әлеуметтік қолдау шаралары, еңбек дауларының алдын алу, мәдени-көпшілік іс-шаралар мен сауықтыру бағытындағы жұмыстар жөнінде есеп берілді. Сондай-ақ, ұжыммен кездесу барысында кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқықтарын қорғау, ұжымдық шарттардың орындалуын қадағалау мәселелерін түсіндірілді. Ұжым мүшелері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасты.
Кездесу соңында аудандық ұйым төрағасы аталған мекемелердің бастауыш кәсіподақ ұйымдарына әдістемелік көмек көрсетіліп, қоғамдық бақылау жүргізілді.
-
Фото
-