ЕҢБЕК ПЕН АДАМДЫҚТЫ ҚАТАР ҰСТАҒАН ӨНЕГЕЛІ ӨМІР
Қоғам дамуы – адал еңбек пен отбасылық құндылықты қатар ұстаған жандарға байланысты. Осындай жанның бірі – Шегембаева Данаркүл Талғатбекқызы. Ол еңбек жолын 2011 жылы мекеме №17 кәсіптік лицейде кадр жөніндегі инспектор қызметінен бастап, бүгінде Егіндібұлақ ауылының оқушылар орталығында кадр саясатының жүйелі жүргізілуіне үлес қосып келеді. Іскерлігі мен жауапкершілігінің арқасында әріптестері арасында құрметке ие.
Данаркүл Талғатбекқызы – Егіндібұлақ ауылының сыйлы тұрғыны, үлгілі отбасының ардақты анасы. Жұбайымен бірге екі ұл тәрбиелеп өсірді. Ұлдары мектепті үздік бітіріп, жоғары оқу орындарына мемлекеттік грантпен түсті. Бүгінде үлкені мамандығы бойынша еңбек етіп, отбасын құрған, ал кенжесі білімін жалғастыруда.
Кәсіподақ жұмысына да белсене араласып, ұжым бірлігін нығайтуға атсалысуда. Сабырлы мінезі мен әділдігі көпке үлгі. Данаркүл Талғатбекқызының өмірі – еңбекқорлық пен ибалықтың жарқын көрінісі.
Қарағанды облыстық ұйымы