КЕЛІСУ КОМИССИЯСЫ ОТЫРЫСЫ
25-27 ақпан аралығында Ақтау қаласы білім беру ұйымдары №21, №28 мектепдерінде зейнеткерлік демалысқа шыққан қызметкерлердің өтемақы төлеміне байланысты келісу комиссиясы отырысы болды.
Оотырыста зейнеткерлік демалыстағы қызметкерлердің өтемақы төлеміне байланысты арыз-шағымдар қаралды.
Жоғарыда аталған мектептерге келісу комиссия отырыстарына бақылаушы ретінде Ақтау қалалық кәсіподақ ұйымының төрағасы К.Еңсегенова шақырылып, отырысты бақылады.
Келісу комиссиясы тәртібі бойынша еңбек қызметкерлерінің еңбек шартын тоқтатқан кезеңдегі мұрағат құжаттары қаралып, заң нормаларына қарай шешім қабылданды.
Осылайша, әрбір ұйымдағы келісу комиссиясының рөлі жоғары бағаланды.
Келісу комиссиясы қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы сындарлы диалог алаңы екеніне тағы да бір мәрте көз жеткізілді.
Маңғыстау облысы, Ақтау қалалық филиалы
-
Фото
-