«МЕРГЕН АРУ - 2026» СПОРТТЫҚ САЙЫСЫ
8 наурыз – «Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай Маңғыстау облысы, Мұнайлы аудандық білім беру ұйымдарында қызмет ететін жас мамандар (әйелдер) арасында әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жандандыру мақсатында «Мерген ару-2026» спорттық сайысы ұйымдастырылды.
Мылтықпен дәлдікке ату бойынша сайыс қызықты да тартысты өтті. Нәтижесінде қатысушылар ұпай сандарына сәйкес тиісті орындармен марапатталды.
Барлық қатысушыларға Мұнайлы аудандық кәсіподақ ұйымынан сыйлықтар табысталды
Маңғыстау облысы, Мұнайлы аудандық филиалы
-
Фото
-