ҚАРМАҚШЫДА КІШІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Қызылорда облысының Қармақшы ауданында білім бөлімі мен кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай оқушылар үйінің базасында «Алғысқа толы жүрек, ізгілікке толы тілек» атты мерекелік қабылдау өтті.
Шараның басты мақсаты – білім беру ұйымдарында еңбек етіп кіші қызметкерлерге құрмет көрсету, олардың адал еңбегін бағалап, ризашылық білдіру.
Іс-шара барысында Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Жәнібеков Берік Съездұлы құттықтау сөз сөйлеп, еңбек адамдарының қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтті. Қызметкерлерге алғыс хаттар табыс етілді.
Мерекелік кеш барысында әсем әндер орындалып, көрермен жүрегіне жылы әсер сыйлады. Бұл шара – адал еңбегімен білім беру ұйымдарының тыныс-тіршілігін қамтамасыз етіп жүрген жандарға деген шынайы құрметтің көрінісі болды. Еңбектеріңіз еленіп, мерейлеріңіз үстем бола берсін!