«АЙБӨБЕК» БАЛАБАҚШАСЫНДА АШЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
«Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлері «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» ҚБ-нің Талдықорған қалалық филиалының төрайымы Айым Ерікқызы және облыстық кәсіподақ ұйымының заңгер кеңесшісі Қайырхан Әсет Қайырханұлы №15 «Айгөлек» бөбекжай-бақшасына арнайы барып, еңбек ұжымымен кездесті.
Кәсіподақ ұйымының өкілдері балабақша ұжымымен кездесіп, қызметкерлердің еңбек құқықтары, әлеуметтік қолдау шаралары және кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттары жөнінде жан-жақты ақпарат берді.
Жиын барысында мекеме меңгерушісі Жакеева Алма Маратовна мектепке дейінгі білім беру саласындағы өзекті мәселелерге тоқталып, ұжымдық келісім шарт талаптарының орындалу маңыздылығын атап өтті.
Кездесу барысында облыстық кәсіподақ ұйымының заңгер - кеңесшісі Әсет Қайырхан балабақша қызметкерлерін толғандыратын жалақы, еңбек жағдайы, демалыс уақыты, кәсіби даму және әлеуметтік кепілдіктерге қатысты сұрақтарға нақты жауаптар берді.
Жиын ашық әрі еркін пікір алмасу форматында өтті. Ұжым мүшелері өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салып, өзекті сұрақтар қойды. Кәсіподақ өкілдері әрбір көтерілген мәселені назарға алып, жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді .
Осындай кездесулер еңбек ұжымындағы өзара түсіністік пен сенімді нығайтып, әлеуметтік әріптестікті дамытуға мүмкіндік береді. Кәсіподақ ұйымы алдағы уақытта да қызметкерлердің еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыра бермек.
Талдықорған қалалық филиалы
-
Фото
-