МЕРЕЙЛІ МЕРЕКЕ
5 наурыз күні Ақтау қаласы Оқу әдістемелік орталығының әдіскер маманы Cадыкова Дамеш Қыдыршақызын мерейлі жасымен құттықтап, Ақтау қалалық кәсіподақ ұйымы атынан шипажай демалыс орнына тегін жолдама сыйға берілді.
Кәсіподақ ұйымы ұжым қызметкерлерінің құқықтарын қорғап, Ұжымдық шарттың орындалысын үнемі өз бақылауына алып, әлеуметтік жағдайларын да назардан тыс қалдырмайды.
Әр марапат еңбек адамдарымен күнделікті бірге жүріп, олардың мүддесін қорғап жүрген әріптестеріміздің қажырлы еңбегі мен белсенді өмірлік ұстанымына берілген лайықты баға.
Саналы ғұмырын білім саласының дамуына, сондай-ақ кәсіподақ қозғалысының дамуына өз үлесін аянбай қосып келе жатқан белсенді бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы.
Сондай-ақ ұстаздарға бағыт-бағдар беріп,олардың кәсіби шығармашылығын арттыруға, жас мамандар үшінде әдістемелік жұмыстар ұйымдастырыудағы кәсіби шеберлігін көрсетіп келеді.
Кәсіподақ ұйымы атынан осындай атаулы мерекеде ардақты әріптестің барлық игі ісіне мың алғыс білдіреміз.
Ақтау қалалық филиалы