НАУРЫЗДЫҢ ЖЕТІ СЫЙЫ
Балалар мен жастар шығармашылық сарайында 11–20 наурыз аралығында табиғаттың жаңаруын, көктемнің басталуын, бірлік пен татулықты бейнелейтін Наурыз мейрамына арналған «Наурыздың жеті сыйы» атты мерекелік бағдарлама өтуде.
13 наурыз күні бұл ертегілік қойылымға білім беру мекемелері қызметкерлері кәсіподағы мүшелерінің балалары қатысты. Олар үшін сүйікті ертегі кейіпкерлері қатысқан жарқын театрландырылған бағдарлама, қызықты ойындар, байқаулар, әндер мен билер ұйымдастырылды. Әсем безендірілген сахна, түрлі-түсті костюмдер мен музыкалық сүйемелдеу нағыз мерекелік көңіл күй сыйлады. Балалар ойындарға белсене қатысып, хоровод билеп, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
«Наурыздың жеті сыйы» атауының да өзіндік мәні бар. Іс-шара барысында балаларға Наурыздың басты құндылықтары – мейірімділік, достық, құрмет, қуаныш, денсаулық, бейбітшілік және бірлік туралы айтылды. Сондай-ақ олар қонақжайлылық, үлкендерді құрметтеу және өзара көмек көрсету дәстүрлерімен танысты.
Бұл мерекелік қойылымға кәсіподақ мүшелерінің балалары үшін билеттерді Семей қалалық кәсіподақ комитеті және Абай облысының оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы сатып алып берді.
Мұндай іс-шаралар ұлттық дәстүрлерді сақтауға, балаларды елдің мәдени мұрасымен таныстыруға және көктем мерекесінің ерекше атмосферасын сезінуге мүмкіндік береді.
Абай облысының кәсіподақ ұйымы
-
Фото
-